Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сабақтар уақытының қысқаруы ауа райы жағдайларына байланысты болғаны ескертілді.
«Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-анасы немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды», - делінген басқарма хабарламасында.
Ведомство өкілдері сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болатынын ескертті.
Фото: Halyq Uni