Өндірісте тағы бір жұмысшы өлім құшты

«Қазақмыс» компаниясының №2 Жезқазған байыту фабрикасында 22 қараша күні жазатайым оқиға орын алды.

Ресми дерекке қарағанда, конвейер механизміне қысылып қалған 1980 жылғы конвейер машинисі жарақат алып, артынан көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алған жұмысшының қайтыс болғанын жариялады.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген «Қазақмыстың» хабарламасында.