Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Мейрамбек Таймерденов 2019 жылы Жоғарғы сот судьясы болып сайланған еді.

Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінгі отырыста Жоғарғы соттының судьясы Мейрамбек Таймерденовті қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.

Яғни, М.Таймерденов судья лауазымында болудың шекті жасына толуына байланысты оны қызметінен босату мәселесі қаралды.

Оның судья ретінде бұл саладағы тәжірибесі мол. Кейінгі 4 жыл бойы Жоғарғы соттың судьясы болды.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденовті судья лауазымында болудың шекті жасына толуына байланысты судья қызметінен босатуды ұсынады.

Мейрамбек Таймерденов 2019 жылы Жоғарғы сот судьясы болып сайланған еді. 

М. Таймерденов 1958 жылы туған, заңгер. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.

1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді.

1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 1999 жылы Алматы облыстық сотының судьясы.

2001-2005 жылдары  Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы.

2006 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметіне келді.

2007-2012 жылдары  Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.

2013 жылғы желтоқсаннан Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымында болды.