Туған жерін түлеткен тұлға

Сыр өңірінде нәпақасын маңдай тер, адал еңбегімен тауып жүрген жандар аз емес. Соның ішінде өз кәсібін түлетіп қана қоймай, ауыл­дағы ағайынның да тұрмыс жағ­дайына қарасып, қолдан келгенше көмек беретін азаматтарға елдің алғысы шексіз. Сондай жанның бірі– «Жан-Арай» серіктестігінің дирек­торы Бақдәулет Махашовтың жөні бөлек.

Ел ағасы ерте жасынан адал еңбек­пен нан табудан шаршаған емес. Дала жұмыстарынан қолы қалт етсе, қоғам­дық істерге да бел шеше кірісіп, елдің мұң-мұқтажы мен талап-тілегін назар­дан тыс қалдырмайды.

Іскер азамат Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекенінде дүниеге кел­ген. Жоғары тергеу мектебін, «Ақалтын» гидромелиоративтік техникумын ойда­ғы­дай бітіріп шығады.

Еңбек жолын Қызылорда «ТрестВодСтрой» мекемесінде 4-ші разрядты бетоншы болып бастаған. 1981-1983 жылдары әскери борышын өтеп келіп, облыстық Ішкі істер басқар­масына жұмысқа орналасады. 1994 жылға дейін осы салада тынбай еңбек етіп, абырой биігінен көріне білді. Одан кейін жеке кәсіпке бет бұрып, 2002 жылы «Жан-Арай» ЖШС-ін құруға ық­пал етті. Қазір ол  – «Жан-Арай» ЖШС және «Жан-Арай Жем» серіктес­тік­терінің құрылтайшысы. 

Бүгінде кешенде екі зауыт жұмыс іс­тейді. Алғашқысы – қуаттылығы тәу­лігіне 150 тонналық оңтүстіккореялық күріш өңдеу зауыты. Бұл өндіріс орны жоғары  сапалы күріш көлемін арттыру­ға және экспорттауға мүмкіндік беріп келеді. Сонымен қатар өңірде мал, құс  және тауарлы балық шаруашылығы сала­ларының дамуына серпін беретін құрама жем шығаратын зауытын да іске қосқан. Өндіріс орны  тәулігіне 80 тон­на  түйіршіктелген құрама жем өндіреді. Еуропалық зауыт соңғы технологиямен жабдықталған. Зауыт бес түрлі жем өнімін шығарып, облысы­мыз­дың бар­лық шаруашылығын қам­тама­сыз ету­мен қатар, өнімдерін экс­портқа шыға­ру­ға да қауқарлы.

«Бүгінге дейін «Жан-Арай» агро­өнеркәсіп кешеніне қарасты ғимарат­тардың  құрылыс жұмыстары үшін барлығы  3 500 000 000 теңге жұмсалды. Атал­ған жобалар бойынша, қазір 100-ден аса адам тұрақты жұмыс орындары­мен қамтылып отыр. Сондай-ақ қала тұр­ғындарын жұмыспен қам­тама­сыз ету мақсатында 2017-2018 жылдары  ке­шенді кеңейте отырып, оқу орталығы және ойын-сауық кешені мен қонақ­үйлері ашылды. Онда 70-тен аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл кешенде оқу орталығы,  конференция залдары,  қонақүй, 500 адамдық мей­рамхана жұмыс атқарып отыр. Кешен­ді іске қосу үшін барлығы 730 000 000 тенге қаржы жұмсалды», – дейді Бақ­дәулет Еркінбекұлы. 

Сонымен қатар «Жан-Арай» агро­өнер­кәсіп кешені жаңадан өндіріс көз­дерін ашу жұмыстарын назардан тыс қал­дырған емес. Алдағы уақытта  жы­лы­жай, көтерме сату орталығы, 10 гек­тар алма бағы, өңдеу орталығы және тағы басқа жобалар жоспарда тұр. Атал­ған жобаларды іске асыруға 2 300 000 000 теңге  межеленген.

Іскер азамат 2016 жылдан бері «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты болып, елдің сенім үдесінен шыға білді. Партияның бағ­дарламалары аясында көптеген игі шараларға мұрындық болып, өзі сай­лан­ған округі бойынша халықтың ұсы­­ныс пікірлерінің оң шешілуіне ықпал болып келеді. Сонымен қатар тұр­­мысы  төмен  отбасыларға, мүмкін­дігі шектеу­лі жандарға  жыл  сайын  ша­мамен  10-20 млн теңге  көлемінде  кө­­мек  жасауды  жолға қойған. Атап айт­­қанда, 2018 жыл­дың өзінде тұрмысы тө­мен отбасы­ларға  10 млн теңге көле­мінде жәрдем көрсетілсе, 2019 жылдың басынан бері тұрмыс-жағдайы төмен  100 отбасыға дәл осындай қаражатқа азық-түлікпен көмектесіп, түрлі қайы­рымдылық шара бойынша қаржылай қолдау білдірген. Сондай-ақ серіктес­тікте жұмыс істейтін жұ­мысшы-қыз­мет­керлердің жалақы­сын 1 сәуірден бастап 30  пайызға  арттырып отыр. 

2020 жылы пандемия кезінде ВIRGEMIZ республикалық акциясы ая­сында қауіпті індеттен қиналған об­лыс халқына азық-түліктер мен қажетті дәрі-дәрмектер және  түрлі денсаулыққа қажетті аппаратты жеткізуде айрықша үлес қосты.  Атап айтатын болсақ, Қызылорда қаласы және Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы аудандарына 10 млн теңгеге қайырымдылық көмек бе­рілсе, облысқа қажетті дәрі-дәрмекті Өз­­бекстан елінен шұғыл алдыру мақса­тында 50 млн теңге көлемінде уақытша қаржылай көмектер көрсеткен. 

Еңбек адамының елі үшін жасаған өлшеусіз еңбегі елеусіз қалмады. Атап айтқанда, Тәуелсіздік күніне орай 2015 жылы «Құрмет» және "Парасат" орденімен, 2016 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үз­дігі» төсбелгісімен марапатталса, 2018 жылы «Қазақстанның үздік фермері» номинациясын иеленген. Сондай-ақ 2019 жылы «Мәслихаттың 25 жылдығы» төсбелгісін кеудесіне таққан.

Елдің алғысын арқалаған азамат алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына өз үлесін қосуды азаматтық парызым деп санай­ды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы