Атырауда қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін кәсіпкерден жалпы сомасы 87 мың теңге болатын пара алған.
Атырау қаласының №2 соты аталған қызметкерді мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен бірге Антикордың ұсынысымен Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Баян Жанұзақова