Алматы облысы Іле ауданында мектеп оқушысы автобус жүргізушісінің өзін нашар сезінгенін байқап қалып, қоғамдық көлікті тоқтатып, жолаушыларды апаттан құтқарып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол сәтте оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан.
Автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі – Ақжол. Ол №24 лицейдің 8 «Е»-сынып оқушысы.
Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.