Президент саясатының басымдығы – прагматизм мен ұлттық мүддені құрметтеу

«Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген идеология ескірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары тұрғындарға нақты нұсқаулар беруге, оларды шешім қабылдау процестеріне тартуға, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға арналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ретте реформалар жүйелі және дәйекті түрде жүргізілуде, бірінші пакет 2019 жылы жарияланған болатын.

Парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Президенттің саяси жүйедегі терең өзгерістерге неліктен батыл қадам жасағаны туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысы осыдан 4 жыл бұрын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғанын, бейбіт жиындар туралы заңды либералдандырғанын және саяси партияларды тіркеу процесін жеңілдеткенін еске салды.

«Логика өте қарапайым болды - процесс жүйенің эволюциялық дамуы аясында дәйекті, прагматикалық түрде өтуі керек еді. Бірақ реформалардың қажеттілігі пісіп-жетілгені анық. Президент елде жеткілікті мөлшерде теңгерімсіздік жинақталғанын көрді. Саясаттағы ұзақ мерзімді монополия экономикалық тоқырауға әкелді. Сондықтан Тоқаев 2019 жылы "Біз басымдықтарды өзгертіп жатырмыз, «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген идеология ескірді" деп айтқан болатын», – деді ол.

Ерлан Қошанов реформаларды жүргізу үшін ішкі алғышарттармен қатар сыртқы ынталандырулардың да бар екенін атап өтті. Президент өзінің мол дипломатиялық тәжірибесінің және әлемдік жағдайды тамаша білетінінің арқасында елдің шұғыл түрде өзгеріп, сыртқы дағдарыстарға ден қоюға дайын болуы керектігін түсінді.

«Мемлекет басшысы жаңа геосаяси нақты жағдайда байланыстырушы ел, бейтарап юрисдикция бола алатын ел ретінде Қазақстанға жаһандық қызығушылықты арттырды. Әр шетелге сапарында Мемлекет басшысы тек әріптестерімен ғана емес, әлемдік бизнестің жетекшілерімен де кездесіп, миллиардтаған долларлық келісім-шарттар мен меморандумдар жасалады. Мұның бәрі егемендігімізді экономикалық және саяси тұрғыдан нығайтуға бағытталған, сайып келгенде, бұл әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етеді. Прагматизм мен ұлттық мүддені құрметтеу – Президент саясатының басты басымдығы», – деді Қошанов.