Шымкентте 2 жастағы баланы өз туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқыс оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған.
Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, 2021 жылы туған бүлдіршінді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.
Сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.
«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр», – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.