"Қар, көктайғақ, -15 градус аяз": демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Түнде солтүстік облыстарда 5-10 аязға дейін күн суытады.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстігінде қар жауып, қарлы боран байқалады.

«Атлантикалық циклон бірте-бірте солтүстік-шығысқа, ал оның артына елдің оңтүстік-батысынан антициклон жылжиды, осылайша, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ауа температурасы қысқамерзімді төмендеуі мүмкін. Түнде солтүстік облыстарда 5-10 аязға дейін күн суытады», – дейді синоптиктер.

Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келе жатқандықтан, антициклон Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Соның салдарынан қайтадан тұрақсыз ауа райы болады.

«Жауын-шашын аязды жаңбыр түрінде болады және қар жауады. Жел қарлы боранмен күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал температура фонында күрт өзгерістер болмайды. Көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанатын оңтүстік өңірлерде күн жылы болады», – делінген хабарламада.