Шымкентте орын алған оқыс оқиғаның қалай болғаны айтылды, Белгілі болғандай, бір жасар баланы нағашы ағасы терезеден тастай салған, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл сәбиді зардап шеккен отбасы көптен күтіп жүріп, сүйген, яғни жалғыз перзенті.
"Баланың анасы өте жақсы әйел, расында ажырасқан сияқты, баласымен және ағаларымен бірге тұрады, оларды жалғыз өзі асырап келеді. Оның тағы бір ағасы бар, оған да диагноз қойылған, бірақ ол өзін тыныш ұстайды. Біз баланы терезеден лақтырған ер адамның шалығы барын білетінбіз. Бірақ, бұлай болады деп кім ойлаған. Бәріміз шошып кеттік. Зардап шеккен бала да өте жақсы, кішкентай періште ғой, өте әдепті болатын. Бәріміз бала үшін алаңдаулымыз", деп жазды Otyrar.kz көршінің сөзін.
Бала қазір облыстық балалар ауруханасында жалпы реанимация бөлімінде жатыр. Оған шұғыл қарқынды көмек көрсетілуде, нейрохирург, абдоминальды хирург, травматолог, реаниматологтан тұратын дәрігерлер консилиумы өткізілді.
"Консилиумның шешімі бойынша, бас-сүйекке, миға, омыртқа сүйегіне, кеуде қуысына және іш қуысына КТ жүргізілді. Шұғыл ота жасалды: диагностикалық лапараскопия. Диагнозы: мидың ауыр жарақаты, өкпенің, кеуде тұстың зақымданып, көгеруі. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр деп саналады. Қарқынды терапия жүргізілуде", - деді Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Шымкентте кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бір жасар баланы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ол баланың нағашысы болып келеді. Ер адам психоневрологиялық диспансердің есебіне алынған.