«Жигули» көлігінің төбесіне адам отырғызып, тасыды

«Жигули» көлігінің төбесіне адам отырғызып, тасыды

Адамдарды жүк салғышқа отырғызып тасыған бейнежазбаны Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тексерді. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып алған бейнесі жарияланды. Полицейлердің айтуынша, «Жигулидің» иесі – Ордабасы ауданының тұрғыны. Оқиғаға байланысты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау» бабы бойынша оқиғаны тіркеп, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырады.