Қазақстандық қажыларды алдап кеткен туристік фирма басшысы ұсталды

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті қажылық туризм саласындағы алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Zam Zam Qazaqstan ЖШС туристік компаниясы басшысының Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, алаяқ компания Сауд Арабиясы Корольдігі мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына ұқсас қажылық парызын өтеу үшін қажыларға берілетін визаның заңдылығын растайтын веб-сайт жасаған.

Күдікті соттың рұқсатымен 22 қарашада қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бұрын хабарланғандай, қазақстандық 120-ға жуық қажы Zam-Zam Qazaqstan жеке компаниясының алдауына түсіп қалған. Осы компанияның көмегімен қажылар, оның ішінде әйелдер мен қарт адамдар қажылыққа баруға ниеттенген. Алайда Меккеге келгеннен кейін оларды Сауд Арабиясы билігі құжаттарындағы сәйкессіздікке байланысты тоқтатты.