Астанадағы LRT жобасына тағы 50 миллиард теңгеден астам қаражат қажет – Көлік министрлігі

Авторлардың айтуынша, бұл шығыстар 2023 жылғы жұмыс кестесіне сәйкес ЕПК келісімшарты бойынша төленеді.

Көлік министрлігі осы жылы елордадағы LRT жобасын жалғастыруға Ұлттық қордан 52 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу қажеттігін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz..

Ведомство ұсынған бюджеттік бағдарламаға сәйкес, Астана қаласының LRT (әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі учаске) жүйесіне 2023 жылға сұралған сома – 52 434 322 теңге.

Құжат мерзімі 15 қарашаға дейін қойылған. Авторлардың айтуынша, бұл шығыстар 2023 жылғы жұмыс кестесіне сәйкес ЕПК келісімшарты бойынша төленеді.

Айта кетейік, 10 қарашада Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығындағы Қалдаяқов көшесінде LRT тірегі қисайып қалған болатын. Оқиға орнына дереу құрылыс техникасы келіп, тіректің айналасы қоршауға алынды.