25 қараша күні Тобыл қаласының патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылы көлік жүргізу құқығынан айырылған "Мерседес" көлігінің жүргізушісін мас күйінде қолға түсірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
34 жастағы жүргізуші тоқтай салып алдыңғы жолаушының орындығына отырып алған. Көлікте өзінен басқа адам жоқ екеніне "жолаушы" қымсына қоймаған. Осылайша, полицияны алдамақ болған.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік айып тұрағына жеткізілді. Сол күні Қостанай аудандық соты жүргізушіні 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.