Павлодарда өзінің туған қызын үнемі зорлап келген күдіктіге іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz..
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылды", – деп жазды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Қайда жүргені туралы бағдар аймақ пен елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді.
Қыздың анасының өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, әкесінің зорлау әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жалғасқан. Бұған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.