Орал қаласында басына кірпіш құлаған әйел сол жерде көз жұмды,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы, 236-үйдің жанында болған.
"Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", – деп жазды ведомстводан.
Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.