Алдағы Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарайды.
Айта кетейік, құжат нормаларына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 10 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар сенаторлар салық саласын жетілдіруге арналған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарайды. Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдары үшін провизиялардың мөлшерін азайту кезінде салық жеңілдіктерін енгізу, талап қою кезінде мемлекеттік баждарды төлеу және басқа да бірқатар маңызды өзгерістер бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
Сондай-ақ Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.