Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қараша күндері Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.