Астанада қар жоқ: коммуналдық қызметтің техникасы қар тазалап жүр

Көрінбейтін қар тазалап жүрген техникалардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Желіде Астана қаласының коммуналдық қызметінің жол жиегіндегі қарды тазалап жүргені түсірілген видеосы көпшілікті таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Елорда тұрғындары мән-жайды түсінбей әлек, себебі қар көрінбейді.

"Қарашаның соңы, Астана әлі қарсыз. Маған сенбейсіз бе? Коммуналдық қызметкерлер де сенбейді", – деп жазған желі парақшасының иесі.

Түрлі пікір жазылған видео әлеуметтік желіде белсенді түрде тарауда. Кадрлардан қалалық коммуналдық қызметтердің жол жиегін тазалап жатқанын байқауға болады.