«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахтада проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері ауыр жарақат алып, қайтыс болды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада. Қазір арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, 22 қараша күні «Қазақмыс» компаниясының Жезқазғандағы №2 өңдеу зауытында 1980 жылғы конвейер машинисі қаза тапқан еді. Конвейер механизміне қысылып қалған ол жарақат алған. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл оқиғаның да себептері анықталып жатыр.