Ұлттық статистика бюросы әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтып отыр. Олар – жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген санаттағы жандар. Сондай-ақ Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің былтыр 129 707 жұп некеге отырып, 51 220 жұп ажырасқаны туралы ақпарат таратты.
«Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының арасында мүліктік дауларды өзара келісімі бойынша реттеген жағдайларда АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін. Жүргізілген мониторингке сәйкес, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде негізгі себебі «мінездерінің сәйкеспеуі» деп көрсеткен», – деп хабарлады ведомство.