Жауын-шашын, жел, тұман: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Қазгидромет» синоптиктері 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Республиканың батыс жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», — деп жазды синоптиктер.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.