Аймақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook-тегі парақшасында: «WhatsApp-та Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге коронавирус жұқтыру күдігімен 14 адам жатқызылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген. Ведомство қызметкерлері азаматтарға расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады. Жалған ақпарат үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.
«Жалған ақпараттың авторы анықталып, жазаға тартылады. Коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпарат көздері – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі немесе 1406 арқылы респбликалық call-орталыққа хабарласуға болады» делінген ресми хабарламада.