Тоқаев Того Республикасының басшысын Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысының шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келді.

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.