Тамыз айында ұлын үйлендірген әнші Өмірқұл Айниязов келініне қанша қалыңмал бергенін ашып айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Өмірқұл Айниязов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақта болып, ұлының үйлену тойына қатысты ел білмейтін жайттарды ақтарды.
"Шығыс жақ орамал тақпайтыны болмаса, қалыңмалын да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халық қазір не беріп жатыр, соны бердік. Ырымын да, бәрін де жасадық. Бізде Қызылордада оған қатты қарайды. "Өмірқұл келініне ештеңе апармапты" деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков – ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда 10 мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды", – деді әртіс.
Бұған дейін қалыңмал үшін сотқа берген жағдай да жазылған болатын.