Түркияда қатерлі ісікке тексерілген Фариза Төреәлі елге оралып, отбасымен қауышты (видео)

Төреғалидың қарындасы Астанаға оралған бойда отбасымен қауышты.

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі Түркияда денсаулығын тексертіп, елге жақсы жаңалығымен оралды. Төреғалидың қарындасы Астанаға оралған бойда отбасымен қауышты. Желі жұлдызының анасы бірден Алматыдан ұшып келген, деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Фариза Төреәлі отбасымен қауышқан сәтін Instagram парақшасында көрсетті. Бейнежазбадан үйінде енесі екеуінің тамақ әзірлеп, қонақтарды күтейін деп жатқанын көруге болады.

"Бүгін анашым ұшып келеді. Негізі папам да келуі керек еді. Бірақ жұмысы шығып қалып, таңда келетін болыпты. Анам екеуміз дастарқан жайып, дайындалып жатырмыз",  деп бөлісті Фариза.

Одан кейін блогер ару әуежайға барып, өз анасы мен жиендерін күтіп алған видеосын жариялады.

"Негізі анам мен әкем өздері ғана келеміз деп, балалардың келетінін тосынсый жасағысы келген ғой. Бірақ кеше маған Тоғжан қоңырау шалып, келетінін айтып қойды",  деп жазды Төреғалидың қарындасы. Фариза Төреәлі қазіргі уақытта өзіне қолдау білдіріп, көмектесіп жатқан енесіне алғысын жеткізді.