Жүйткіген көлік аялдамада тұрған жолаушының аяғын жұлып кетті
Жүйткіген көлік аялдамада тұрған жолаушының аяғын жұлып кетті
Фото: Дереккөзден алынды
128
оқылды
Алматыда аялдамада тұрған қыздың аяғын көлік жұлып кетті, – деп хабарлайды «Территория происшествий» бағдарламасы. Жол апаты Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Ford көлігі жоғары жылдамдықпен батыс бағытта келе жатқан. «Наурызбай батыр көшесіне жеткенде белгісіз себептермен жүргізуші Toyota Camry көлігін соғып кетеді. Нәтижесінде, жолдың шетіне аударылып, аялдамада тұрған жолаушыны қағып кетіп, ары қарай арықтан өтіп, ағашқа барып соғылады», – дейді бағдарлама тілшілері. Қазіргі уақытта зардап шеккен жолаушының жағдайы ауыр, ауруханада жатыр. Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды.