"Қазгидромет" 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін ел аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады. Ал еліміздің солтүстігінде бұрқасын күтіледі.