Жетісу облысына қарасты 8 ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды. Олар статистикалық есептерде мал санын өтірік көбейтіп көрсетіп, жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісін бұрмалаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін ҚР ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған. Нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген жоспарды қайта қарау бойынша жұмыс басталды.