Жезтаңдай әнші Дәнеш Рақышев қазақ музыкасының қоржынына 150-ден астам Әсеттің әндерін, халық әндерін, басқа да халық композиторлары мен қырғыз әндерін қалдырды. Оның орындауындағы ән-жырлар ұлт қазынасына қосылған асыл мұра ретінде қабылданды. Әнші 1986 жылы «Қазақ ССР-нің Халық әртісі» жоғарғы атағына ие болған. Дәнеш Рақышев 90-жылдары Талдықорғандағы қазақ мектеп-интернатында және Жетісу мемлекеттік университеті музыка факультетінде өз класын ашып, талапты балалар мен жастарды әншілікке баулыды.
Облыстық филармонияға Дәнеш Рақышевтің есімінің берілуіне орай «Жетісу дүлдүлі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.