Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына қосылады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шығады.
Бұрын хабарланғандай, Алматының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алды. Жылжымалы құрам соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.
Жаңа «Ютонгтар» жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да батареямен жүре алады.