Қызылордада 21 жастағы жігіт полицияға шабуыл жасаған

Қызылордалық полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" операциясын өткізді.

Көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде 21 жастағы жігіт қалтасынан өсімдік заты салынған газет бумасын шығарып, қашыққа лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұстау кезінде жолаушы полицейлерге қарсылық көрсетіп, заңды талаптарын орындамай, жиналмалы пышақпен оларға қарай ұмтылған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды.