Бүгін таңертең елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"1 желтоқсан күні сағат 08.20 шамасында «102» арнасына «Азия парк» сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады, – деп жазды елордалық ПД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.