Прокуратураның мәліметінше, ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен болған. Мұны тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті қорық инспекторлары ұйымдастырған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.
"Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.
Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды", - деп жазды бақылаушы органнан.
Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.