Оқиға 30 қарашада Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолының 424-ші шақырымында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Лада 2114» көлігі мен «Ивеко» жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан көліктің 57 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының мән-жайын зерттеп жатыр.
Сол сияқты, 1 желтоқсан күні Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік апат болып, үш адам қаза тапты. Жол апаты Huyndai Sonata көлігінің 40 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушының өмірін қиды. Олар оқиға орнында көз жұмды.
Баян Жанұзақ