Төрт күннен бері іздеуде жүрген Степногор қаласының 14 жастағы екі жасөспірімі жергілікті саяжайлардан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілердің айтуынша, балалар жергілікті саяжайлардың бірінде болған. Оларды саяжай иесі ұстап, полицияға тапсырған.
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 14 жастағы Давид Павлович Мойченко мен Владислав Викторович Бойконың жоғалып кеткені туралы арыз 2 желтоқсанда Степногор қалалық полиция бөліміне келіп түскен.
Ата-анасының айтуынша, балалар 29 қарашада жоғалып кеткен, бірақ туыстары бірнеше күннен кейін ғана полицияға жеткізген.
«Алғашқы іздестіру шаралары барысында жігіттер жоғалған күні бірге серуендеуге шыққаны, бірақ үйіне оралмағаны анықталды. Полицейлер арызды алғаннан кейін бірден Степногор қаласының аумағында да, көршілес елді мекендерде де іздеу шараларын ұйымдастырды. Тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер мен мүдделі азаматтар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бірнеше жедел-іздестіру топтары құрылды, саяжайлар, жертөлелер және басқа да нысандар тексерілді», – деп атап өтті департаменттен.