Мойны кесіліп, тесілген: Шымкентте өз үйінен ер адамның мәйіті табылды

Оны бірінші анасы көрген.

1 желтоқсан күні Шымкент қаласы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз пәтерінен ұлының мәйітін тапқанын жеткізген, – деп жазды Aikyn.kz. 

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. 

Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.