Аймақтағы полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары арнайы операция кезінде қыздарды интимдік қызметке жұмылдырған жергілікті тұрғынды қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған. Оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды. Олар – Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары.
ІІМ Telegram-арнасының жазуынша күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді. Аталған деректерге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті әйел қамауға алынды.