Алайда тамақпен бірге шай ішу қаншалықты дұрыс? Қай кезде және қалай ішу керегін көбісі біле бермейді екен.
Алайда мамандардың айтуынша, тамақтан соң шайды бірден ішпеу керек екен. Әйтпесе, тамақтан соң ағзаға қажетті темір мен магнийдің сіңуіне кедергі келтіреді. Әрине, қатаң талап жоқ. Десе де, шайды тамақтан кейін, шамамен 40 минут өткізіп ішкен жөн. Негізі ағзаға тамақтың сіңуі әр адамның денсаулығына байланысты.
Сондай-ақ аш қарынға шай ішпеген жөн. Себебі ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды ып-ыстық күйде де ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, сондай-ақ ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Шайды тым қою қылып ішу де денсаулыққа зиян. Мұндай шайды кешке ішсеңіз, ұйқы қашып, бас ауыруы мүмкін. Одан кейін жүрек те қатты соғып кетеді.
Бастысы дәріні шаймен ішпеңіз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрінің сіңімділігі төмендеп, күші жойылады. Тіпті, тұрып қалған шайды да ішуге болмайды. Оның құрамындағы хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктер (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.
Қайта-қайта демдеген шайдың да пайдасы жоқ. Кей адамдар бір шайды қайта-қайта ысытып немесе қайнатып іше бергенді ұнатады. Алайда бұл ағзаға, керісінше, зиян.
Шайды көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішсеңіз ағзаға зиян.