Мәдени күндер аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың ішінде осы концертті жұрт ерекше қабылдады. Роза Бағланова атындағы мемлекеттік ұжымның өнерпаздары бұл сапарға 6 айдан астам уақыт дайындалған. Өнерпаздар қазақ пен қытай халық әндерін қос тілде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Фестивальға Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысынан бастап, Қытайдың мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус, елшілер мен қазақ-қытай достығына үлес қосып жүрген тұлғалар қатысты. Бейжіңде білім алып жүрген студент жастар және қандастар да ерекше сағынышпен тамашалады.
– Жалпы, Қазақстанның мәдениеті, өнері қалай дамып келеді? Соны көрсеткіміз келді. Өйткені біздің өздеріңіз көргендей, өзіміздің фольклорымыз, яғни ұлттық өнерімізді көрсеттік, – дейді режиссер Думан Әкім.
Бағдарламада ұлттық домбыра, қобыз, опералық және классикалық өнер көрініс тапты.