Жастар қылмысы жіті назарда

Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы орайда кәмелетке толма­ған­дар­дың арасында құқықбұзу­шылықтың ал­дын алу және оны болдырмау мақсатында Жам­был облысы Талас ауданында жос­пар­­ланған іс-шаралар жүзеге асы­рылуда. Жуыр­да ғана аудан про­куроры Жомарт Науа­товтың ұйымдастыруымен, аудан әкі­м­інің қатысуымен Талас ауданында құ­­қық қорғау және жергілікті атқару­шы ор­ган­дарының мекемеаралық мәжілісі өтті. 

Бүгінде қылмыс жасаған 18 бен 35 жас ара­лығындағы бірқатар жастардың жұ­мыс­сыздар қатары­нан болуы алаңдатуда. Кә­мелетке толмағандардың арасында құ­­­қық­бұзушылықтың профилактикасы бойын­ша қосымша жоспар құры­лып, бар­лық құқық қорғау және мемлекеттік ор­гандарға құқық­бұзу­шылықтардың ал­дын алу, қылмысқа және теріс діни ағым­дар­­ға қарсы күресте өзара іс-қи­мыл­ды ұйым­дастыру бағытында жұмысты жан­дандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. 

Аталған бағытта қабылданған про­ку­рорлық шаралармен 83 оқу­шы 3,1 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік кө­мек­пен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздікті сақ­тау үшін Қара­тау қаласындағы 5 718 оқу­шы­сы бар мектептерде бейнебақылау жүйе­сі орнатылды. Мүмкіндіктері шек­теулі үйде оқытылатын 13 баланың құ­қық­тары қорғалып, мемлекеттік бюд­жет­ке 904 494 теңге қайтарылды. Кәмелетке тол­мағандардың жаз мезгіліндегі бос уа­қы­тын пайдалы өткізу үшін мекемеаралық жос­парға сәйкес бұқаралық мәдени іс-ша­ралар (турнир, фестиваль және т.б.) өт­кізіліп, әлеуметтік желілерде жария­лан­ды. Бұған қоса, тұрақты түрде білім беру мекемелерінде мо­бильдік топ мү­ше­лері­мен уәкі­летті органдардың маман­да­рын қатыстырып, балалардың қауіпсіз­ді­гіне қатысты әртүрлі тақырып­тарда дә­рістер мен семинар-тре­нингтер өткі­зілу­де. Қорыта кел­ген­де балалардың құқығын қор­ғау – бәрінен қымбат. Кәмелетке тол­мағандардың өмірі мен денсау­лы­ғы­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – олар­д­ың құқығын қорғаумен тікелей бай­ла­ныс­ты. Бұл бағытта аудан әкімінің тіке­лей тапсырма­сымен білім бөлімі тара­пы­нан жүйелі түрде жұмыстар атқарылып жа­тыр. Ақиқатында «Ел болам десең – бе­сігіңді түзе» деп дана халқымыз айт­қандай, әрбір ата-ана өз баласының тәр­­тібі мен тәр­бие­сіне аса мән беріп, бос уа­қытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық­бұзушылық пен қылмыстың төмен­деуі­не көп сеп­тігін тигізер еді.

Дедек ТӨЛЕН