«Қыз Жібек» – Францияда

Францияда бесінші рет ұйымдастырылған қазақ киносы фестивалінде «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.

Халықаралық шара режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған.

Қазақ киносының бесінші фестивалінде «Қыз Жібектен» бөлек, «Бақыт» драмасы, «Тау пиязы» комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі «Дос-Мұқасанның» музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.