Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі балалы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт.. Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын! 9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері болмай шығармай қойған еді. Бірнеше күндерден соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары. Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру.. Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді.
Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді! Дәл қазір бөпеміздің жанынында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз.. Әлі айтатын да, бөлісетін де қызық көп. Күнде стористарды жіберіп алмаңыздар", - дейді блогер.