"Көміп, бетін жапырақ және бұтақпен жауып қойған": қостанайлық ер адам әйелді өлтіріп, орманға жасырған

Күдікті марқұм әйелді ауылдан 8 шақырым жерде көміп, бетін жапырақ және бұтақпен жауып қойған.

Қостанай облысында орманға саңырауқұлақ теруге кетіп, жоғалып кеткен екінші топтағы мүгедек әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

58 жастағы әйел жоғалып кеткені туралы туыстары 20 маусымда полицияға хабарлаған болатын. Оқиға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасындағы Сарыкөл ауданында болған. 

Әйел адамды іздеумен еріктілер де айналысты. Артынша күдікті ұсталған болатын. Күдікті марқұм әйелді ауылдан 8 шақырым жерде көміп, бетін жапырақ және бұтақпен жауып қойған. Қазір адам өліміне қатысты іс өңірдің қылмыстық арнайы сотында қарастырылып жатыр. Іс бойынша жәбірленуші, куәгер, тіпті айыпталушы да марқұм әйелдің туыстары. 

"Марқұм әйел біздің туған әпкеміз, әкеміздің туған қарындасы. Біз оны "няня" деп атайтынбыз. Есімі Балқаш. Үйге жиі келетін. Біз де оның үйіне жиі баратынбыз", – дейді айыпталушының әпкесі, марқұм Әсел Раисованың сіңлісі. 

Айыпталушы марқұмның 32 жастағы жиені Нұрлан Тайтық. Ол 29 маусымда мас күйде әкесінің "Нивасын" айдап, әпкесінің үйіне қонуға келген. Алайда Балқаш оны үйіне кіргізгісі келмеген. Сондықтан інісінің аяғынан металл көсеумен екі рет ұрып жіберген. Ашуға булыққан Нұрлан оны қылғындырып өлтіріп, әйелдің денесін орманға апарып, жасырып қойған. 

Қылмыстың барлық мән-жайлары сот тергеуі барысында анықталуы керек.