Астанада жедел жәрдем стансасының директоры екі айға қамалды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол екі ай қамауда болады.

Астанада қалалық жедел медициналық қызмет көрсету стансасының басшысы 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті МКҚК басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қалалық жедел медициналық жәрдем стансаында бекітті", – делінген хабарламада.

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы жедел медициналық қызмет көрсету стансасы директорының ұсталғанын растады. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

Астана әкімдігінің қалалық жедел жәрдем стансасының сайтында хабарланғандай, оның директоры Мұрат Оразбаев.