Танымал эстрада әншісі Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші әйелімен таныстығы қалай басталғанын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
KAZ.NUR.KZ-тің жазуынша, Еркін Нұржанов келіншегін алғаш рет ол 6-сынып оқып жүрген кезінде көрген. Әншінің айтуынша, сүйіктісі көз алдында өскен.
"Келіншегіме үйленген кезде 16 жасар қызға үйленді деген біраз әңгіме болды. Әйелімді алғаш көргенде ол 6-сынып оқитын, бірақ ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті ғой, – деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.
Сондай-ақ өнер иесі отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Бүгінде келіншегі екеуі төрт баланы тәрбиелеп отыр.
"Үйленгенімізге 10 жыл болды. Әйелім үйде бала тәрбиесімен айналысады. Кейде жұмыс істеймін деп қиғылық салады. Бірақ 4 бала-шағаның өзі үлкен жұмыс. Қайыр, Сая, Ақбаян, Анарбай деген 2 ұл, 2 қызым бар. Өзім жұмсақ әкемін. Бала-шағаны арасында көріп тұрамыз, көп көрісе бермейміз. Мүмкіндігінше көрген кезде еркелетіп құшақтап, иіскеп, сүйіп, соған үлгеріп қалуға тырысамыз", – деді өнер иесі.