NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ақпаратты ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратты. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайы жайында мәлімет берген жоқ.
«2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», - деп жазды полициядан.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.
Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам белсендісі және NeMolchi.kz қорының жетекшісі.