Шымкентте 39 миллион теңге төленбеген айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Оның көлігі айыптұраққа қойылды.

Қалалық полиция күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігін тоқтатқандарын мәлімдеді, - деп жазды Aikyn.kz.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды.

Көлік бірден айыптұраққа қойылды.