Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.
Түнгі уақытта ауа температурасы -31-35 градусқа дейін суытады.
«Осыған байланысты кешкі сағат 18.00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда жүруіне тыйым салынады», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.