Ақтөбеде "Чайка" балалар шипажайының тәрбиешісі ұрып-соққан бала жетім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. "1 наурыз, жексенбіде тынығатын уақыттан кейін ойын бөлмесінде тәрбиеші баланы ұрып-соқты, сол кезде қолында джинсы шалбар болған. Тәрбиешінің айтуынша, бала оны бірнеше рет балағаттаған, сондықтан ол ашуланып, екі рет ұрған", - деді шипажайдағылар.
20 жылдық өтілі бар тәрбиеші жұмыстан шеттетіліп, кейін қызметінен қуылған. Шипажайдағылар 57 жастағы әйелдің жақсы жағынан ғана көрінгеннін айтады. Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді.